Атап айтқанда:

– егер азамат соңғы 5 жыл ішінде кемінде 18 ай жұмыс істеген болса және еңбек шарты бұзылғаннан кейін 6 ай ішінде тиісті органдарға жүгінсе, оның соңғы 18 айдағы орташа айлық жалақысы негізінде 3 ай бойы жәрдемақы төленеді;

– бірінші айда орташа айлық жалақының 75 пайызы мөлшерінде, алайда ең төменгі жалақының 3 еселенген мөлшерден аспайтын көлемде төленеді;

– екінші және үшінші айларда орташа айлық жалақының 50 пайызы мөлшерінде, бірақ ең төменгі жалақының 3 еселенген мөлшерінен аспайтын көлемде төленеді.

Жәрдемақыны қайта тағайындау үшін алғашқы төлем мерзімі аяқталғаннан кейін азаматтың кемінде қосымша 12 ай еңбек өтілі талап етіледі.