Әңгімелесу барысында тараптар Ресей Федерациясының жетекші ғылыми және білім беру мекемесі РХШМБА негізінде республиканың мемлекеттік органдарының 150 жуық өкілін оқыту курстарын ұйымдастыру бойынша алдын ала жұмыс нәтижелерін талқылады.
«Өзбекстан-2030» стратегиясына елімізде кадрлар қорын қалыптастыру және даярлау бойынша кешенді міндеттер белгіленгені айтылды. Өзбекстанның ұлттық экономиканы дамытудағы өзекті мәселелерін шешу үшін қажетті бағыттар бойынша кадрларды даярлау мақсатында модульді тақырыптар бойынша тиісті ұсыныстар егізілді.
Кездесу аясында Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігі мен Ресей Федерациясы Президентінің құзырындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлады Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.
Шара соңында тараптар Меморандумның сәтті жүзеге асатынына сенім білдірді. Бұл өз кезегінде мемлекеттік органдарды кадрлармен қамтамасыз ету сапасын арттыруға қызмет етеді. Академиялық, ғылыми және мәдени алмасулар мен білім беру және мәдени бағдарламаларды жүзеге асыру саласындағы Өзбекстан-Ресей ынтымақтастығын одан әрі тереңдетуге сенім білдірілді.