баннер
22 Apr 2025
22:25

    ИӨСМ-де Қазақстанмен сауда және өнеркәсіптік ынтымақтастығы бойынша жоспарлар үйлестірілді

    Үстіміздегі жылдың 10 ақпанында Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов пен Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов, Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантайров және Сауда және интеграция министрінің орынбасары Қайрат Төребаев арасында кездесу өтті.

    Әңгімелесу барысында елдер арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға, сауда көлемін арттыруға және өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға бағытталған екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелері талқыланды.

    Тараптар сындарлы пікір алмасып, таяу болашақтағы нақты міндеттерді айқындады. Атап айтқанда, өзара саудадағы шектеулерді алып тастау, ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуге квота бөлу, тауардың шығуын сертификаттаудың электронды жүйесін пайдалану, бақылау-өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері келісілді.

    “Орталық Азияның” өнеркәсіптік кооперациясының халықаралық орталығы” қызметін одан әрі дамыту мүмкіндігі және тауар айыр бастау көлемін 10 миллиард долларға жеткізу бағдарламасын үйлестіру үдерісі қарастырылды.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар талқыланған мәселелерді қысқа мерзімде іс жүзінде жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдіріп, нақты мерзімдер мен жауапты тұлғаларды белгіледі, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates
    Мы в Телеграм
    Text to speech