«IT-білім беру саласында жеке секторды қолдап-қуаттау» тақырыбында форум ұйымдастырылды

    Цифрлық технологиялар министрлігінде «IT-білім берудегі жеке секторды қолдап-қуаттау» тақырыбында форум өтті.

    2024 жылы және болашақта жоғары білікті ІТ мамандарын даярлау жүйесін жолға қою, жастар мен жеке секторды қолдап-қуаттауға арналған атамыш форумда Цифрлық технологиялар министрі Шерзод Шерматов қатысып, IT- білім беру саласын дамытуда жүзеге асырылған істер, белгіленген міндеттер мен қаулылардың атқарылуын қамтамасыз етуде қажетті ақпараттарды берді.

    Белгілі, Мемлекет басшысы «Өзбекстан-2030» стратегиясының 33- мақсатына 2030-жылға дейін:

    - IT қызметтері мен бағдарламалық өнімдер экспортының көлемін 5 миллиард долларға жеткізу;

    – IT соҳасида 300 минг нафар ёшни иш билан таъминлаш каби вазифалар белгиланган.

    - БҰҰ-ның Электронды үкіметті даму индексі бойынша елімізді 30 озық елдің қатарына қосу;

    – ІТ саласында 300 мың жасты жұмыспен қамту сияқты міндеттер белгіленген.

    Осы міндеттерге сәйкес, Өзбекстанда жастардың цифрлық технологиялар бойынша білімін арттыру, «Бір миллион бағдарламашы» жобасын, сонымен қатар ІТ саласындағы жастардың қабілетін дамыту, олардың арасында ақпараттық технологияларды бұқараландыру, сондай-ақ насихаттау істері жүзеге асырылуда.

    Форум барысында бүгінде оқу орталықтары үшін жасалған мүмкіндіктер, IT-экспорттық компаниялардың мамандарына деген қажеттілік және IT курстарына болған талаптар, сондай-ақ бизнесті дамытуға қатысты пайдалы ақпараттар ұсынылды.

    Сондай-ақ, шара барысында IT-қызметтерін экспорттаумен айналысатын ірі компаниялардың мамандарға деген қажеттіліктері мен талаптары, сондай-ақ еліміздегі оқу орталықтарында сапалы кадрларды даярлау туралы тұсаукесерлер өткізілді.

    Бұл ретте, ІТ-қызметтерін экспорттайтын компаниялардың (EPAM, Exadel, East-Games) және ІТ саласындағы кадрларды дайындайтын ұйымдардың өкілдерімен бүгінде ІТ кадрлар базарындағы жағдай мен бар проблемалар туралы панельдік сессия ұйымдастырылды.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates