Италия Премьер-Министрі Самарқандқа келді

    Саясат 28 May 2025 2566

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Италия Республикасының Премьер-Министрі Джорджа Мелони 28 мамыр күні ресми сапармен Өзбекстанға келді.

    Самарқанд халықаралық әуежайында мәртебелі қонақты Мемлекет басшысы өзі қарсы алды.

    Құрметті мейманның құрметіне екі елдің мемлекеттік тулары көтеріліп, салтанатты құрмет қарауылы сап түзеді.

    Сапардың негізгі іс-шаралары ертең, 29 мамырда өтеді.

    Жоғары деңгейдегі келіссөздер мен бірқатар екіжақты кездесулер өткізілуі жоспарланған.