ИССМ-де Халықаралық валюта қорының делегациясымен кездесу өтті

    Ағымдағы жылдың 11 апрелінде Премьер-министрдің орынбасары – инвестициялар және сыртқы сауда министрі С.Умурзаков ХВҚ келісу баптарының IV- бабына сәйкес, 2022 жылғы кеңесулер үшін Өзбекстанға келген Рон ван Роден басшылығындағы Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) делегациясымен кездесу өткізді.

    Кездесуде Өзбекстанда жүргізіліп жатқан инвестициялық саясат, инвестициялық ортаны жақсарту бойынша қабылданып жатқан іс-шаралар, шетелдік инвесторларды тарту, қолдап-қуаттау және құқықтық қорғау механизмдері, сондай-ақ Мемлекеттік инвестиция бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

    Инвестициялық жобаларды басқару жүйесін жетілдіру, ХВҚ тарапынан өткізілген мемлекеттік инвестицияларды басқаруды бағалау (PIMA) нәтижелері, сондай-ақ халықаралық қаржы институттарының қатысуымен жобаларды жасау мен жүзеге асыруға көмектесу тұрғысында Инвестициялар мен сыртқы сауда министрлігі құзырында жаңадан құрылған Халықаралық және даму агенттігінің рөліне тоқталды.

    ХВҚ-ның миссиясынын айтуынша, Өзбекстанда Президент басшылығымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды өзгерістердің елеулі нәтижелері еліміздің әлемдік бизнес қауымдастығы аясында оң имиджін қалыптастыруға қызмет етуде. Осыған байланысты миссия Өзбекстанды инвестиция кіргізу үшін тартымды және тұрақты дамып келе жатқан мемлекет ретінде айқын көрсете алған және елдегі экономикалық саясаттың нәтижелілігін кең насихаттауға қызмет еткен бірінші Ташкент инвестициялық форумының дер кезінде өткізілгенін атап өтті.

    Сондай-ақ сыртқы сауда саясаты мен Өзбекстанның экспорттық әлеуетін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы пікір алысылды. Кәсіпкерлермен және экспорттаушылармен тығыз әрі үздіксіз ынтымақтастықтың жетістіктері талқыланды.

    Өзбекстанның сыртқы экономикалық байланыстарының, атап айтқанда, инвестиция, сауда, көлік және логистика салаларындағы қатынастардың бүгінгі жағдайы миссия мүшелерінде ерекше қызығушылық оятты. Ірі серіктес елдермен жасалған келісімдер, жүзеге асырылып жатқан біріккен инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар, сондай-ақ орта және ұзақ мерзімді болашағы зор ынтымақтастықты кеңейту жоспарлары туралы ақпарат берілді.

    Өзбекстанның сыртқы сауданы ырықтандырудағы, негізгі серіктестермен саудадағы кедергілерді жою және көпжақты сауда жүйелеріне интеграцияланудағы жетістіктері жоғары бағаланды.

    ХВҚ миссиясының басшысы Өзбекстанның Еуропа Одағының (ЕО) тұрақты даму және тиімді басқару үшін Преференциялар бас жүйесінің (GSP+) және Ұлыбританияның Преференциялар бас жүйесінің кеңейтірілген схемасы (GSP Enhanced framework) бенефициар мемлекет мәртебесіне ие болғанын құптады.

    Рон ван Роден «Cotton Campaign» халықаралық коалициясы тарапынан өзбек мақтасы мен тоқыма өнімдеріне жарияланған бойкоттың жойылуына қол жеткізудегі реформалардың рөлін атап өтті.

    Сұхбат барысында Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) мүше болу үдерісінің қазіргі жағдайы, сондай-ақ келіссөздер үдерісін ілгерілету бойынша келесі қадамдар талқыланды.

    Кездесу соңында тараптар еліміздің одан әрі әлеуметтік-экономикалық даму болашақтары туралы пікір алмасып, инвестициялық және сауда-экономикалық салалардағы түрлі болжамдарды талқылады, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    Ақпарат үшін: ХВҚ миссиясы 2022 жылдың 31 мартынан бастап Өзбекстанда болды және тиісті министрліктер мен кеңселермен кездесулер өткізді. Талқылау барысында экономикамыздың қазіргі жағдайы, оның даму болашағы, сондай-ақ экономикалық саясаттың үстем бағыттары талқыланды.

    ХВҚ Ережесінің IV-бабына сәйкес, Қор миссиялары тқрақты түрде кеңесулер өткізу мен техникалық көмек көрсету үшін мүше елдерге тұрақты түрде барады. Миссиялардың қызметі экономикадағы, қаржы секторындағы және статистикадағы істердің жай-күйін зерделеуге, сондай-ақ одан әрі экономикалық реформалау бағыттарын анықтауға бағытталады.

    Сапарлар нәтижесінде елдердегі экономикалық жағдайды талдау нәтижелері мен қысқа мерзімді болжамдарды көрсететін тиісті есеп беру дайындалып, жарияланатын болады. 2017 жылдан бастап жылдық кеңесулерден тыс, ХВҚ экономикалық саясаттың түрлі салаларда сараптамалық және техникалық көмек көрсету миссияларын ұйымдастырып келеді.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates