Жаңа ректор студенттердің жатақханасының құнын төмендетті

    Білім 22 Noyabr 2021 275

    Бүгін Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің жаңа ректоры Абдуғаффор Қырғызбаев барлық факультеттердің оқу, ғылыми және рухани қызметімен танысты. Ректор студенттік жатақханада тұратын жастармен де кездесті.

    Университетте 13 факультет бар, олар астанамыздың Шыланзар, Яккасарай, Учтепа, Мирабад аудандарында және Ташкент облысының Кеңсай аумағында орналасқаны белгілі. Танысу барысында ректор университеттің декандарымен, кафедра меңгерушілерімен, профессор-оқытушылармен ашық сұхбаттасты.Сұхбат барысында университеттегі оқу үдерісі, білім сапасы, ғылыми-рухани жұмыстардың тиімділігі жөнінде ұсыныстар айтылды. Кабинеттердің материалдық-техникалық базасын жақсарту, факультеттерді қажетті оқулықтармен қамтамасыз ету бойынша да ой-пікірлер айтылды.

    Ректор жатақханада тұратын жастармен де кездесті. Кездесуде студенттердің жатақханадағы жағдайын жеңілдету мақсатында олардың ай сайынғы төлемдері төмендетілді. Ташкент облысы Кеңсай ауданында орналасқан СТЖ студенттерінің төлемдері алынып тасталды. Бұл жаңалық жатақханада тұратын студенттерге қуаныш сыйлады. Бағыттар бойынша да проблемалар біртіндеп шешілетін болды.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates