Әлем чемпионатының қаһармандары лайықты марапаттарға ие болды

    Бокс, ауыр атлетика, байдарка мен каноэде ескек есу бойынша болып өткен әлем чемпионаттарында жоғары нәтижелерге қол жеткізген спортшылар мен олардың бапкерлері марапатталды.

    Оларға салтанатты түрде Президент сыйлығы – BYD автокөліктері мен бір реттік ақшалай сыйлықтар тапсырылды.

    Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

    Жарыста алтын медаль алғандарға 15 000 доллар, күміске 7 500 доллар, қола алғандарға 3 750 доллар, ал жаттықтырушыларына соманың тең жартысы көлемінде бір реттік ақшалай сыйлық берілді.

    Сонымен қатар, алтын медаль иегерлеріне BYD Song Plus Champion автокөліктері, күміс және қола жүлдегерлерге BYD Chazor автокөліктерінің кілттері тапсырылды.

    Жүлде иелеріне сыйлықтарды тапсырған Өзбекстан Республикасы Президентінің спорт жөніндегі өкілі Одил Абдурахмонов, Спорт министрі Адхам Икрамов, ҰОК төрағасының бірінші орынбасары Отабек Умаров спортшыларымыз бен жаттықтырушыларымызды құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

    Өз кезегінде, марапатталған спортшылар мен жаттықтырушылар атынан сөз алған Руслан Нурудинов, Абдумалик Халоков, Тулқин Қиличев, сондай-ақ Жавахир Умматалиевтің әкесі Туробжон Умматалиев Мемлекет басшысына алғысын білдіріп, еліміздің осындай жоғары ілтипатына риза екендіктерін білдірді.