Оңтүстік Кореямен денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық дамуда

    Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі Абдухаким Хожибоев басшылығындағы делегация Оңтүстік Кореяға сапары кезінде Корея Республикасы Денсаулық сақтау министрі Квон Док Чолмен кездесті.

    Өзбекстанның Сеулдегі елшілігінің мәлімдеуінше, денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтықтың бүгінгі жағдайы туралы пікір алысты, бұл туралы байланыстарды одан әрі нытайтудың үстем бағыттары белгілеп алынды.

    Өзбекстан делегациясы обырды емдеуге мамандандырылған емханаларды құру бойынша Оңтүстік Корея тәжірибесі мен технологияларын орнату мақсатында осы мемлекетке келгенін айта кеткен жөн. Ташкентте аурудың дәрежесі жоғары болған обыр ауруларын емдеу мен қызмет көрсетуге мамандандырылған емханаларды құруды жоспарлаған.

    Келіссөздер кезінде маманданған обыр емханаларын басқару және құру туралы пікір бөлісті.

    Корея Республикасы денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылда екі мемлекет арасында денсаулық сақтау саласында өзара түсіністік пен ынтымақтастық бойынша меморандумға қол қойғанының 10 жылдығын тойлайтынын мәлімдеді.

    Оңтүстік Корея өкілдері арнайы стратегиялық серіктестік аясында жүзеге асырылған денсаулық сақтау, медицина қызметті, фармацевтикалық және электрондық денсаулық сақтау сияқты түрлі салаларда екі ел арасындағы өзара байланыстар жоғары бағаланды.

    Өзбекстан тарапының обыр емханаларын ұйымдастыруда Оңтүстік Корея сарапшылары мен жетекші компанияларының қатысуын қамтамасыз ету туралы ұсынысына жауап бере отырып, Корея Республикасының денсаулық сақтау министрі мемлекет үкіметі “ноу-хауларды” пайдалану арқылы Өзбекстан халқының денсаулығын жақсартуға үлес қоса алу мүмкіндігіне қуанышты екенін айтты. Министр, сондай-ақ денсаулық сақтау мәселелері бойынша үкіметаралық жұмысшы топтың жиындарының күн тәртібін анықтап алу арқылы екіжақты ынтымақтастықты күшейтуді ұсынды. Оның пікірінше, COVID-19 пандемиясы кезінде мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастық пен ауызбіршілікті одан әрі кеңейту қажет, деп хабар берді “Дуне” АА.