Оңтүстік Корея компаниясы Сырдарияда «ақылды» жылыжай салады

    Агросектор 31 Oktabr 2022 1302

    Елімізге іссапармен келген Оңтүстік Кореяның «Hanjin agrisulture and industrial Co.LTD» компаниясының басшысы Жу Сен Гу басшылығындағы делегациясы Сырдария облыс әкімдігінде кездесу өткізді.

    Келіссөздер барысында Оңтүстік кореялық серіктестерге облыстың экономикалық және инвестициялық әлеуеті таныстырылды.

    Кездесуде «Hanjin agrisulture and industrial Co.LTD» компаниясының басшысы Гүлістан ауданында Оңтүстік Корея технологиялары негізінде жоба құны 10 миллион доллар болатын «ақылды» жылыжайларды іске қосуды және экспорттауға ынтымақтастық орнатуды ұсынды. Тараптар осы мәселе бойынша өзара келісімге келді.

    Айта кетерлігі, соңғы жылдары Өзбекстанда қолайлы инвестициялық орта қалыптастырылды, шетелдік инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша жүйе құрылды. Соның нәтижесінде республикада экономиканың жетекші секторлары мен салаларда шетелдік инвестициялардың қатысуымен кәсіпорындардың саны күн сайын артып, олардың тікелей инвестиция бойынша ұсыныстары артып келеді, деп хабарлайды «Дуние» АА.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates