Оңтүстік Корея Өзбекстанға алты жүрдек пойыз жеткізеді

    Польшаның «Kurier Kolejowy» журналының сайтында «Hyundai Rotem» компаниясы Өзбекстанға алты жүрдек пойыз жеткізеді» деген айдармен мақала жарияланды.

    Корея Республикасы Президентінің Өзбекстанға мемлекеттік сапары барысында "Ўзбекистон темир йўллари" акционерлік қоғамы мен Оңтүстік Кореяның «Hyundai Rotem» компаниясы арасында сағатына 250 км жүретін жылдамдыққа арналған алты жүрдек пойыздарды жеткізу және техникалық қызмет көрсету туралы келісімге қол қойылды, деп мәлімдеген материалда.

    Өзбекстанға арналған жүрдек пойыз "KTX-Eum" пойызына ұқсайтыны, ол өз кезегінде сағатына 430 км жылдамдықпен жүруге арналған «HEMU-430X» жүрдек пойызының негізінде жасалғаны атап өтілді. Жеті вагоннан тұратын пойыздың әрқайсысында 389 орындық болады және VIP, бизнес және эконом класстары, сонымен қатар асхана вагоны да болады.

    "Өзбекстанға ұсынылған жүрдек пойыз "Жалолиддин Мангуберді" деп аталады. Бұл жүрдек пойыз іске қосылғаннан кейін Ташкенттен Хиуаға дейінгі қашықтық жеті сағатта басып өтіледі деп күтілуде", - делінген материалда.

    No date selected
    June 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates