JICA былғары өнеркәсібіне 40 миллион доллар бөледі

    Инвестициялар 29 Yanvar 2024 1026

    «Узчармсаноат» бірлестігінің төрағасы Фахриддин Бобоев Өзбекстан делегациясының Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) вице-президенті Сачико Имотомен кездесуіне қатысты.

    Диалогта «Өзбекстан былғары саласын дамыту» жобасы аясында жүзеге асырылған істер мен инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселелері талқыланды.

    Алдымен JICA басшылығына еліміздегі былғары аяқ киім өнеркәсібін дамытуға қатысты жүзеге асырылып жатқан реформалар, шикізатты қайта өңдеу, одан дайын өнім алуда Өзбекстан тәжірибесі, инвестиция, экспорт әлеуеті туалы толық ақпарат берілді.

    Сұхбатта «Өзбекстанда мал шаруашылығы саласын дамыту» жобасы аясындағы бағдарламаларды қаржыландыру мәселесі жан-жақты талқыланды. JICA басшылығы жоба аясында 200 миллион доллар қаржы бөлінетінін мәлімдеді.

    JICA-дан тартылған қаражаттар мал шаруашылығы, былғары өнеркәсібі, балық, құс шаруашылығы салаларындағы кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдетілген несиелер беру арқылы қаржылық қолдау көрсетіледі.

    Атап айтқанда, осы игерілетін қаражаттың 40 миллион доллары теріні қайта өңдеу және дайын өнім шығарумен айналыспақшы кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие түрінде бөлінеді, деп хабарлайды «Узчармсаноат» бірлестігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates