JICA Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігімен ынтымақтастық одан әрі кеңейтілетін болады

    Үстіміздегі жылдың 20 январь күні Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов JICA Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігінің президенті доктор Акихико Танакамен келіссөздер жүргізді.

    Кездесуде JICA-ның Өзбекстан-Жапония стратегиялық серіктестігінің қарқынды дамуына қосқан үлесі және Агенттіктің Өзбекстанда жаңа жобаларды жүзеге асыру мақсаттарына адалдығы жоғары бағаланды.

    JICA қолдауымен Өзбекстанда энергетика, білім, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылымдық даму және денсаулық сақтау сияқты маңызды экономика салаларында жалпы құны 3,7 миллиард долларды құрайтын жобалар жүзеге асырылды.

    Агенттіктің Өзбекстандағы табысты жұмыс тәжірибесі негізінде энергетика, денсаулық сақтау, кадрлық әлеуетті дамыту, ел аймақтарында жаңа еркін экономикалық аймақтар құру салаларындағы жобаларды қаржыландырудың қосымша мүмкіндіктері қарастырылды.

    Сонымен қатар, 2022 жылдан бастап JICA Өзбекстанда инвестициялық жобаларды мемлекеттік кепілсіз қаржыландыруды көздейтін Жеке сектордағы инвестицияларды қаржыландыру (PSIF) бағдарламасын жүзеге асыруда. Осы бағдарлама аясында жаңа болашағы зор жобалар портфелін әзірлеу туралы келісімге қол жеткізілді.

    Өткен жылы қол қойылған жалпы құны 2,4 миллиард долларды құрайтын 20 жобадан тұратын Бағдарламаны іске асыру барысы айрықша қаралды.

    Кездесу қорытындысы бойынша Жапония үкіметімен «Айырбастау ноталары» Республикалық мамандандырылған неврология және инсульт ғылыми-практикалық медицина орталығын құру мен жабдықтау жобасы бойынша 150 миллион долларлық несие келісімшарты JICA және Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігі арасында шаруашылық, энергетика, білім және тағы басқа да салалардағы жобаларды жүзеге асыруды көздейтін ынтымақтастық протоколына қол қою салтанаты болып өтті, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда синистрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    February 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    Use cursor keys to navigate calendar dates