Жызақ қаласында Өзбекстан-Ресей біріккен кәсіпорны жұмыс бастады

    Агросектор 28 Noyabr 2023 2068

    Жызақ облысының Шараф Рашидов ауданында салынған «BMB-NRC Agrologistics» агрологистикалық орталығы Өзбекстан-Ресей ынтымақтастығының ең ірі жобаларының бірі саналады. Бүгін бұл кәсіпорынның бірінші басқышы іске қосылды.

    40 гектар аумақты алып жатқан орталық ауыл шаруашылығы өнімдерін сұрыптау, калибрлеу, қайта өңдеу, қораптау және сақтау сияқты қызметтерді қамтыған.

    Ашылу салтанатына Сауда-өнеркәсіп палатасы төрағасының бірінші орынбасары Ислам Жасимов қатысты.

    Шара барысында, ауыл шаруашылығы саласындағы 150-ден астам ірі кәсіпорын өкілдері аумақтардың экспорттық әлеуетін көрсететін көрме ұйымдастырды. Экспозицияларды тамашалау барысында экспорттаушылар мен импорттаушылар арасында практикалық диалогтар өтті, деп хабарлайды Сауда-өнеркәсіп палатасының баспасөз қызметі.

    Жобаның жалпы құны 709,71 миллиард сумды құрайтын кешен құрылысын үш кезеңді модуль түрінде жүзеге асыру жоспарлануда, бұл жоба толық іске қосылғаннан кейін 810,0 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауға мүмкіндік береді.

    Ең бастысы, қазірдің өзінде-ақ 180 тұрақты, 400-ден астам маусымдық жұмыс орындары ашылды. Кешен толық іске қосылғанда 1410 тұрақты және 1500 маусымдық жұмыс орындары ашылады.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates