Президент ірі сауда кешенінің қызметімен танысты

    Президент Шавкат Мирзиёев Жызақтағы «Көк сарай» кешенінің қызметімен танысты.

    Президент Шавкат Мирзиёев Жызақ қаласында орналасқан «Көк сарай» сауда және қызмет көрсету кешеніне барып, ондағы жұмыс барысымен танысты.

    Елде сауда саласын жаңғырту, кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасау бағытында кең ауқымды бағдарламалар жүзеге асырылып келеді.

    Осы үдерістің жарқын үлгілерінің бірі Жызақ қаласында 3,5 гектар аумақта бой көтерген «Көк сарай» кешені.

    Бүгінде мұнда 300-ден астам жаңа кәсіпкерлік нысаны іске қосылып, 800-ден көп азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Оның ішінде әлеуметтік қолдауды қажет ететін 100 адамға арнайы жұмыс орындары берілген.

    Кешен аумағында ірі сауда желілерінің филиалдары, 10 отандық және шетелдік бренд, 250 сауда дүкені, фудкорт және балалар алаңы орналасқан. Көрсетілген қызмет көлемі жылына 223 миллиард сомды құрайды.

    Айрықша айта кетерлігі, кешенде кітапхана мен кітап дүкені де ұйымдастырылған.

    Жобаның келесі кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдеріне арналған, 1 мың сауда нүктесін қамтитын үш қабатты «ЭкоБазар» кешенін салу көзделген. Бұл бастама тағы 2 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

    Президент кешен қызметімен танысып, тұрғындармен әңгімелесті. Елдің өзге өңірлерінде де осындай заманауи орталықтарды көбейту қажеттігіне тоқталды.

    Осылайша, Мемлекет басшысы Жызақ облысына жасаған сапарын қорытындылап, Ташкентке қайтып оралды.