Бахмал ауданында шафран түйнек пияздары жерге қадалып, мемлекетіміз ауыл шаруашылық саласында жаңа тәжірибені бастады.

Үстіміздегі жылы шафраннан алдынған алғашқы өнім Еуропа  елдеріне экспорт жасалуда.

Қазірде бұл сирек кездесетін өсімдік  Бахмал алқаптарында гүлдеді. Енді  аудандағы шафран плантацияларын кеңейтуге бел буды. Өйткені Италияның Брешиа қаласынан 20 миллион шафран түйнек пияздары  артылған жүк машиналары Өзбекстанға қарай жол алды. 

Ұрықтық  6 мың 800 километр аралықты, яғни Еуроазяның Словения, Венгрия, Польша, Беларусь, Ресей және Қазақстан сияқты мемлекеттері  аумақтарын басып өтіп, елімізге әкеледі.

Аталмыш ірі жобаның инвестициялық маңызы сол, Жызақ облысында өндірілген өнім ең озық технологиялардың көмегінде  қайта өңделіп, Еуропаға экспортталуда.

Сонымен қатар, жоба аясында жасалған шафран кластері айналасында аспаздық, фармацевтика тағы басқа салалардың өнімдерін қайта өңдеп шығару үшін қосымша қуатқа ие болғаны  Бахмал ауданында 400 жуық тұрақты және  30 мыңнан астам  маусымдық жұмыс орындары алшылуына қызмет етеді, деп хабарлайды «Дунё» АА.