Жызақтық ғалымдар Қазан қаласындағы жоғары оқу орындарында тәжірибе алмасады

    Білім 21 Yanvar 2022 2346

    Ағымдағы жылдың 20 январында Қазан федералдық университетінің ректоры және проректорларының ынтымақтастығындағы делегация мүшелері іссапармен Жызақ облысына барды.

    Жызақ облыстық әкімдігімен, Инновациялық даму басқармасы қызметкерлерімен және жоғары оқу орындарының ректорларымен өткен кездесуде ғылыми-инновациялық және білім беру қызметін дамытуға қатысты кең ауқымды мәселелер талқыланды. Кездесу аясында Жызақ облысы Инновациялық даму басқармасының басшысы М.Мусаев Қазан Федералдық университетінің басшылығымен қоғамдағы проблемаларды шешуге бағытталған жобалар аясында өзара ынтымақтастық үшін өз ұсыныстарын айтты.

    Ұсыныс аясында ҚФУ ректоры Дмитрий Таюрский мен Мансур Мусаев жызақтық ғалымдарды өзара тәжірибе алмасу мақсатында тағылымдамадан өтуге жіберуге келісіп алды. Сонымен қатар делегация мүшелері Жызақ қаласында салынып жатқан Қазан университеті филиалының ғимаратында болып, Жызақ қаласындағы тарихи орындармен, мұражайлармен танысты.

    Ижод Ахмедов,

    Жызақ облысы

    Aймақтық инновациялық даму басқармасының

    бас маманы,

    философия ғылымдарының докторы (PhD.)