“Мен донормын ” акциясы жалғасуда

    Денсаулық 13 Sentabr 2021 903

    МҚА Ферғана облыстық басқармасы жүйесіндегі бір топ қызметкерлер Әділет министрлігі тарапынан ұйымдастырылған акция аясында өзгелердің өмірін сақтап қалу мақсатында өз қанын мұқтаждарға риясыз тапсырды.

    — Акцияға алғаш рет қатысудамын, — дейді Марғылан қаласындағы МҚА директоры Алишер Хакимов. — Акциядан хабар тауып, қатысуға ниет еттім. Жаспын, күш-қайратым бар. Айналамызда біз сияқты салауатты адамдарға әуестенген қаншадан-қанша науқастар бар. Оларға медет болу қажет. Біз қазір оларды қолдап-қуаттамасақ, кейін кеш болады. Әсіресе, бүгінде коронавирус инфекциясы белең алған кезде айналамыздағы адамдарға барынша көмек қолын созуымыз керек. Несіп болса, осы акцияға әрдайым қатысамын.

    Ескертеміз, қазірде Әділет министрлігінің бастамасымен еліміздің барлық аумақтарында «Мен донормын» акциясы жалғасуда, деп хабарлады Мемлекеттік қызметтер агенттігінің Ферғана облыстық басқармасының баспасөз қызметі.

    2005 жылдың 5 майда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Ассамблеясының сессиясында қан донорлығын қолдап-қуаттауға орай қаулы қабылданған.

    Бүгін елімізде кең жұртшылыққа донорлықтың әлеуметтік маңызы, адам денсаулығы үшін пайдалы жақтары, бақытсыз оқиғалардың болуы, жедел жәрдем медициналық көмек әрбір минутта қажет болуы, риясыз донорлық туралы мәліметтер таратылады.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates