Нөкіс қаласында журналистер өзара пікір алмасты

    Іс-шаралар 27 Fevral 2024 803

    Өзбекстан Журналистер ұйымы Нөкіс қаласындағы Қарақалпақ мәмлекеттік университетинде «Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік салаларды ашық айдын жариялау: бүгінгі жағдай, талдау, ой-пікірлер мен ұсыныстар» тақырыбында аумақтық конференция өткiздi.

    Оған Қарақалпақстанның бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері, сондай-ақ ұстаз журналистер, интернет-басылымдардың жетекшілері мен тілшілері, блогерлер, әкімдік ақпарат қызметінің басшылары, сондай-ақ Ташкент қаласы мен Хорезм облысынан келген медиа құрылымдары мен қоғам өкілдері, студент-жастар қатысты.

    Қарақалпақ мемлекеттік университеттінің Жастар мәселелері мен рухани-ағарту істері бойынша бірінші проректоры Сахабатдин Алауатдинов жүргізген конференцияда Өзбекстан Журналистер ұйымы төрағасының міндетін атқарушы Холмурод Салимов Президентіміз Шавкат Мирзияев басшылығында Қарақалпақстан халқына қолайлылық жарату бойынша атқарылып жатқан ауқыды істерді, елімізде ұлттық журналистиканы дамыту бойынша өмірге енгізіліп жатқан реформалардың нәтижесін және бүгінде сала өкілдерінің алдында тұрған өзекті мәселелер туралы айтты.

    “Әлеуметтік желілердегі дезинформация және мисинформация мәселесі: олармен қалай күресуге болады?”. Осы тақырып бойынша “Жаңа медиа” білім беру орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы Беруний Алимов баяндама жасады. Ол заманалық көрме құралдары арқылы дезинформация және мисинформация терминдерін түсіндірді. Анықталғандай, Мисинформация — жалған, толық және анық болмаған, бұрмаланған ақпарат, бірақ зиян келтіруге арналмаған; дезинформация дегеніміз – бірер адамға, әлеуметтік топқа, белгілі бір ұйымға, аймаққа, елге қасақана зиян келтіретін жалған ақпарат.

    Конференцияда интернет пен әлеуметтік желілерден пайдалану қарқынды дамып келе жатқан қазіргі заманда дезинформация мен мисинформация мәселесі күн тәртібінде тұрғаны және олармен тиімді күресудің жолдары туралы жан-жақты мағлұматтар берілді.

    Конференцияда «Қорақалпақстан тонги» газетінің бас редакторы Назира Матёкубова жер-жерлерде болып жатқан оқиғаларды бейтарап, әділ жариялау, баспасөз бен сөз еркіндігі, кәсіби этика талаптарын сақтау мәселелері, сөзге жауапкершілік, саламыз алдында тұрған барлық кемшіліктерді жою және оларды шешу жолдары туралы баяндама жасады.

    Еркін диалог үлгісінде өткен шарада Қарақалпақ мемлекеттік университетінен — филология ғылымдарының докторы, доцент Зияда Кожикбаева, филология ғылымдарының докторы, доцент Тамара Машарипова, Қарақалпақ филология және журналистика факультетінің студенттері Ситора Ахметова, Нажиматдин Алласугуров және т.б. тақырып бойынша өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.

    Өзбекстан Журналистер ұйымының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates