2020 жылдың 1 январынан бастап тәжірибе-сынақ ретінде Ташкент облысы мен Ташкент қаласында жылжымайтын мүлік бойынша кадастр инженері институты ретінде енгізілді (05.04.2019 жылғы ПҚ-4270-санды қаулы және 07.12.2020 жылғы ПҚ-4913-санды қаулы).
Тәжірибе-сынақ аясында біліктілік сертификатына ие жылжымайтын мүлік бойынша кадастрлық инженерлеріне жылжымайтын мүлік нысандарына бастапқы кадастрлық жинағын дайындау құқығы беріледі. Мұнда оны дайындау үдерісі арнайы автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады және Кадастр агенттігі тарапынан мониторинг жүргізіледі.
Жылжымайтын мүлік кадастрының инженері өз қызметін заңды тұлғалармен еңбек келісімшартын жасау арқылы немесе жеке тәртіптегі кәсіпкерлік ретінде жүзеге асырады.
Жылжымайтын мүлік бойынша кадастрлық инженер институты тұрғын үй қорына сәйкес жылжымайтын мүлік нысандарына қатысты 2023 жылдың 1 октябрінен бастап Ташкент қаласы мен Ташкент, Науаи, Наманган, Ферғана және Хорезм облыстарында енгізіледі. 2024 жылдың 1 июлінен бастап республиканың барлық аймақтарында енгізіледі.
Кейбір НҚҚ-ға төмендегілерге қатысты өзгерістер мен қосымшалар енгізіледі:
- кадастрлық инженерлік қызметпен айналыса алатын инженерлік бағыттарын кеңейту;
- біліктілік емтиханын тапсыру уақытын ұзарту;
- көпжылдық ағаштардың кадастрлық жинағын дайындау мерзімін белгілеу.
Құжат Заң құжаттары мәліметтерінің Ұлттық базасында жарияланған және 2023 жылы 24 августтан күшіне енді, деп хабарлайды "Norma".