Өзбекстан Республикасы Президентінің қаулысымен тағайындалған бұл халықаралық сыйлық әдебиет, мәдениет, өнер, ғылым, білім және цифрлық технологиялар салаларында елеулі жетістікке жеткен отандық және шетелдік шығармашылық өкілдерін қолдауға бағытталған.
Орталық Азия елдері мен Әзербайжанның өкілдері қатарынан: Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКСОЙ) бас хатшысы, Қырғызстанның халық жазушысы Сұлтан Раев «Әдебиет» номинациясы бойынша, Тәжікстанның халық ақыны Давлат Сафарзода «Мәдениет» номинациясы бойынша, М.Әуезов атындағы Қазақстан ұлттық драма театрының актері Еркебұлан Дайыров «Театр және кино» номинациясы бойынша, Әзербайжанның халық артисі Әлім Гасымов «Музыка және би» номинациясы бойынша, Түркіменстанның халық артисі Бабасары Аннамырадов «Бейнелеу және қолданбалы өнер» номинациясы бойынша, Өзбекстан Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы халықаралық орталық директорының орынбасары, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Дилафруз Эгамбердиева «Ғылым, білім және цифрлық технологиялар» номинациясы бойынша байқаудың алғашқы жеңімпаздары атанды.
Мемлекет басшыларының қатысуымен лауреаттарға сыйлық мүсіні, диплом және 10 мың доллар көлеміндегі ақшалай сыйақы табысталды.
Мемлекет басшылары сыйлық иегерлерімен бірге естелік суретке түсті.









