21 октябрь – Өзбек тілі мерекесі күніне орай бас қаламыздағы 248- жалпы орта мектепте «Болашақ сағат» атты сабақ болып өтті.
Сабақты «Янги Өзбекистон» және «Правда Востока» газеттерінің бас редакторы, филология ғылымдарының докторы, доцент, Өзбекстан Республикасына еңбек сіңірген журналист Салим Донияров жүргізді.
Шара барысында ана тіліміздің адам өміріндегі орны, оның рухани-саяси құдіреті, халық идеологиясы мен ұлттық сананы қалыптастырудағы рөлі туралы ой-пікір айтылды.
Салим Донияров баяндамасында өзбек тілінің ұлы шығармагерлер мұрасындағы орны, оның сүйкімділігі мен сөздік қорының байлығы, сондай-ақ әлем тілдері арасында танылуының артуы туралы айтып, жастарды ана тілге құрметпен, мақтанышпен қарауға шақырды.
Мультимедиа құралдары негізінде ұйымдастырылған «Болашақ сағаты» сабағы интерактивті және достық жағдайда өтті. Оқушылардың білімдері мен дағдылары викториналық сұрақтар арқылы тексеріліп, белсенді қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды.
Осы сияқты кездесулер жастардың санасында ана тілімізге деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін қалыптастыруда маңызы зор.
Суреттерді түсірген Хаким ТОХИР.





