Қаулыға сәйкес, мемлекеттік қорықтардың буферлік зоналары, ұлттық табиғат бақтары, питомниктердің (қорықтарға айналдырылған аймақтарды қоспағанда), орман және орман-аңшылық шаруашылықтардың, таулы және шөлейт аумақтардың, су нысандарының суды қорғау аймақтарында орналасқан жер учаскелерінде кешенді туристік қызметтерді жолға қойып, туристік кластерлерді ұйымдастыру үшін кәсіпкерлерге бөлінеді.
Экоаумақтарда орыналасқан жер учаскелері олардың санаты өзгертілмеген түрде туристік кластерлерді ұйымдастыру үшін кәсіпкерлік суъбектілеріне «E-auksion» аукцион арқылы қызмет көрсету мерзімін кейіншелік өзгерту мүмкіндігімен 10 жыл мерзімге жалға беріледі.
2024 жылдың 1 сентябріне дейін «Табиғатқа саяхат» электронды платформасы мен оның мобильді қосымшасы іске қосылады, деп хабарлайды Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.
2027 жылдың 1 январына дейін:
- шөл аймақтарда рекреационды туристік қызмет көрсететін курорттық аймақтарды (санаттағы қонақ үйлер, SPA-қонақ үйлер, санаторийлер мен пансионаттар) құрған кәсіпкерлер 3 жыл барысында табыс салығын және заңды тұлғалардан алынатын жер салығын осы салықтар бойынша белгіленген салық ставкаларымен салыстырғанда 50 пайызға төмендетілген салық ставкалары бойынша төленеді;
- шөл аймақтарда тақырыптық даңғылдарды ұйымдастырған заңды тұлғалар тақырыптық даңғылдарды пайдалануға тапсырған күннен бастап 3 жыл ішінде заңды тұлғалардың мал-мүлік бойынша салынатын салықты және заңды тұлғалардан алынатын жер салығын осы салықтарда белгіленген салық ставкаларымен салыстырғанда 50 пайызға төмендетiлген салық ставкалары бойынша төлейдi.