Қаулыға сәйкес, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қаржыландыру үшін банктерге 300 миллион  АҚШ доллар эквивалетінде несие желісі бөлінеді.

Мұнда:

несие желісі коммерциялық банктерге 7 жыл мерзімге, сондай-ақ 3 жылдық жеңілдетілген мерзіммен жылдық  10% ставкада ұлттық валютамен бөлінеді;

банктер тарапынан несиелер өндiрiстiк және қызмет көрсету саласындағы жобаларды жүзеге асыру үшiн жылына 14% ставкада 5 жылға дейiнгi мерзiмге, соның iшiнде 2 жылға дейiнгi жеңілдетілген кезеңмен  5 миллиард сумға дейiнгi көлемде несие беріледi;

кәсіпкерлердің қызмет кезеңі 6 айға дейін болғанда  1 миллиард сумға дейін, 6 айдан 1 жылға дейін болғанда  2 миллиард сумға дейін, 1 жылдан 2 жылға дейін болғанда  3 миллиард сумға дейін, 2 жылдан 3 жылға дейін болғанда 4 миллиард сумға дейін және 3 жылдан асқанда 5 миллиард сумға дейін несие бөлінеді;

несие желiсi қаржысының кемiнде 70 пайызы Нөкiс қаласынан, облыстардың  әкімшілік орталықтарынан және облыстың қарамағында болған қалалардан тыс аумақтарда қызмет көрсетіп жатқан кәсіпкерлерге бөлінеді.