Ферғанада «Кітап оқу апталығы» үлкен мерекемен басталды

    Мәдениет 18 Aprel 2022 5170

    Ферғанадағы Ахмад Ферғани атындағы облыстық ақпараттық-кітапхана орталығында «Кітап оқу апталығына» старт берілді.

    Облысты екінші рет өтіп жатқан ауқымы кең апталықтың ашылу салтанатында сөз сөйлегендер “Кітап оқу апталығының” маңыздылығына тоқталып, бұл бастама рухани дамуға жасалған батыл қадамдардың бірі екенін атап өтті.

    Ферғаналық «Жас оқырман» байқауының жеңімпаздары Шарофатхон Исмаилова мен Мұхаммедфозил Исмаиловтардың қол жеткізген жетістіктері облыста кітап оқуға жоғары көңіл бөлудің нәтижесі екені айтылды.

    Шара барысында ұлттық және дәстүрлі аспаптар оркестрінің музыкалық бағдарламасы, Ферғана мамандандырылған өнер мектебінің шығармашылық ұжымының өнерлері, Кітап көрмелері қатысушылардың назарына ұсынылды.

    Үстіміздегі жылдың 18-23 апрель аралығында республика көлемінде өтетін “Кітап оқу апталығы” аясында І Ферғана кітап фестивалі де ұйымдастырылады.

    Фестиваль барысында республикалық және облыстық баспалардың, кітап дүкендерінің қатысуымен кітап жәрмеңкелерін ұйымдастыру, авторлық кітаптардың тұсаукесері мен қол қою салтанатын өткізу үшін республикамыздың, әсіресе, өңір облыстарының танымал шығармашыларын тарту, сондай-ақ кітап пен басылымдарды шығару саласындағы жаңалықтар көрмесін ұйымдастыру көзделген.

    Ферғанада старт алған «Кітап оқу апталығы» аясында облыс көлемінде «Ең жақсы кітап оқитын аумақ», «Ең жақсы кітап оқитын махалла», «Ең жақсы кітап оқитын оқу орны», «Ең үлгілі кітап дүкені» байқаулары өткізіледі , облыстағы барлық жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Ең көп кітап оқитын студент», «Ең көп кітап оқитын топ», «Ең көп кітап оқитын факультет» атты интеллектуалды сайыстар мен ойындар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Ферғана облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates