KOICA өкілдері Мирзаабад ауданында болды

    Корей ынтымақтастық агенттігінің (KOICA) өкілдері Сырдария облысының Мирзаабад ауданында болды.

    Агенттік көп жылдар бойы Өзбекстанмен бірқатар салаларда, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру, ақпараттық технологиялар, коммуналдық қызметтер, ауыл және су шаруашылығы, энергетика, көлік және т.б. бағыттар бойынша тұрақты ынтымақтастық жасап келеді.

    Агенттіктің «Сырдария облысындағы тұрғындардың жағдайы төмен бөлігін қолдап-қуаттау бағдарламасы» жобасын бірлесіп жүзеге асыру бойынша қол қойылған Ынтымақтастық туралы меморандум негізінде 2020 жылы Ақалтын ауданындағы «Шодлик», Сардоба ауданындағы «Бірлік» МАЖ және Мирзаабад ауданындағы «Дехқанабад» махалласында «Махалла тұрғындарын кәсіптік-өнерге оқыту орындары» ұйымдастырылған болатын, бүгінде тұрғындарға қызмет етуде.

    Оңтүстік Кореяның Кемён мәдениет институтының профессоры Пак Ин Жу басшылығындағы делегация өкілдері Мирзаабад ауданына барып, орталық қызметімен жақынан танысты.

    Дәл осы күні ауданның «Наурыз» махалласында аудандық әйелдер кәсіпкерлік орталығының ашылу салтанаты өтті.

    Ашылу салтанатына Өзбекстан Республикасы Әйелдер кәсіпкерлік орталығының директоры Нодирбек Назаров, Сырдария облыстық әйелдер кәсіпкерлік орталығының директоры Гүлнора Улмасова, Кореяның ынтымақтастық агенттігінің (KOICA) өкілдері, Кемен мәдениет институтының профессорлары Ким Юн Сон, Пак Ин Жу, кафедра меңгерушісі Ким Сан Ми, кафедра мамандары Ли Сунг Ха қатысты.

    —Кәсіпкерлік және кәсіп-өнерге даярлау қысқа оқу кустары бойынша облыстық әйелдер кәсіпкерлігі орталығы ағымдағы жылдың бес айында жалпы 4 127 әйел оқытылып, сертификаттар берілді, — дейді облыстық әйелдер кәсіпкерлік орталығының директоры Гүлнора Улмасова. —Бүгін пайдалануға тапсырылған орталықта өнер үйренуге қызығуы бар жұмыссыз әйелдерге тігіс тігу және тесте тоқу, аспаздық, кондитерлік, шаштараз, ұлттық қол өнер, егер сала психология және ақпараттық технологиялар сияқты мамандықтары бойынша оқытылады.

    Дилфуза Жарбекова,

    Сырдария облыстық

    Отбасы және әйелдер басқармасы

    Баспасөз қызметінің басшысы.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates