Осы орайда Президенттің «Корея-өзбек оқу-іс жүзіндік тоқымашылық технопаркінің тиімді қызметін ұйымдастыру туралы» қаулысының жобасы жарияланды.
Соған орай, Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі мен “Ўзтўқимачиликсаноат” ұйымының технопаркті “Ўзтўқимачиликсаноат” тоқымашылық ұйымының жедел басқаруына өткізу туралы ұсынысы мақұлданады.
Технопарктің ұйымдастырушылық-құқықтық формасынан тыс, технопаркке және оның резидент-кәсіпорындарына (атап айтқанда, технопарктің экстерриториалдық принципін ескере отырып) “Арнайы экономикалық аймақ туралы” Заңға сәйкес, Өзбекстанда арнайы экономикалық аймақтар үшін белгіленген жеңілдіктер мен преференцияларды иелік ету, оларды пайдалану құқын беретін арнайы экономикалық аймақ мәртебесі беріледі.
“Ўзтўқимачиликсаноат” бірлестігі корей-өзбек оқу-іс жүзіндік тоқымашылық технопаркі туралы ережені жасайды және Министрлер Кабинетіне бекітуге ұсыну үшін кіргізеді. Сондай-ақ корей-өзбек оқу-іс жүзіндік тоқымашылық технопаркінің жарғысын даярлайды және оның белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етеді.