Лого Лого-пв-уз

    Кореяның жоғары оқу орнын ашу туралы меморандумға қол қойылды

    Бұрын хабарлағанымыздай, Ташкент облысының әкімі Даврон Хидоятов Оңтүстік кореялық қонақтармен кездесу ұйымдастырып, онда Корея Республикасы «Hwashin Cyber» университетінің ТМД елдері бойынша бас маманы Ким Сунггимен сұхбат өткізді.

    Келісімге орай, Ташкент облысында Корея Республикасы университетінің филиалын ашу туралы меморандумға қол қойылды.

    Кездесуде «Hwashin Korea» академиясының директоры Ғайрат Қадыров аталмыш жобаның алдағы нәтижелері мен мүдделері туралы мәлімет берді.

    Айтуынша, «Hwashin Cyber»  академиясын нысанды құруға 15 миллион долларға тең инвестиция салынады.

    Академияда «Медицина», «IT», «Ауыл шаруашылығы» сияқты он шақты мамандық бойынша білікті шетелдік профессор-оқытушылар жұмыс істейді, сондай-ақ көршілес елдердің білім алғысы келетін жастарына қажетті мүмкіндіктер жасалады.

    Кездесуде атап өтілгендей, «Hwashin Cyber» академиясында оқитын студенттер Корея Республикасының «Hwashin Cyber»  университетінде білім алу мүмкіндігіне ие болуы, ғимарат айналасында студенттер жатақханалары, мектепке дейінгі тәлім- тәрбие ұйымы, мектеп, кітапхана, мәдениет сарайын, спорт залдарын құру істері сатылай жүзеге асырылуы атап өтілді.

    Жиын соңында облыс әкімі Даврон Хидоятов мұндай бастамаларды қолдауға әрқашан дайын екенін айтты, деп хабарлайды Ташкент облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    August 2022
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates