Заңға сәйкес, кейбір заң құжаттарына төмендегілерді көздейтін өзгерістер мен қосымшалар енгізілуде:
унитарлық кәсіпорын және қосымша жауапкершілік қоғам формаларын тоқтату;
заңды тұлғаларды қосу, қосып алу және ұйымдастырушылық-құқықтық форманы өзгерту арқылы қайта құруда кәсiпорындардың құқықтары мен мiндеттерiн тапсыру құжатында көрсетiлген немесе көрсетiлмегенiне қарамастан қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаға өткізілуі;
корпоративтік келісім, консорциум және консорциум келісімі сияқты институттардың құқықтық мәртебесін белгілеу;
жауапкершілігі шектеулі қоғамның құрылтай келісімшартын мемлекеттік тіркеуден өткізу туралы талапты жою;
шаруашылық қоғамдары бақылау кеңестерінің акциялары, корпоративтік облигацияларды және басқа да бағалы қағаздарды шығару туралы қаулыларын заңды құжаттарға сәйкес маңызды фактілер ретінде жариялау;
бағалы қағаздар базарын реттеу жөнiндегi өкілетті мемлекеттiк органы тарапынан бағалы қағаздарды шығаруды мемлекеттiк тiркеуге алынғандығы, сондай-ақ бағалы қағаздар базарында кәсiптiк қызметпен айналысуға лицензия берілгендігіне қатысты ақпаратты жариялау.