Айта кету керек, 2024 жылы барысында Халықаралық күрес қауымдастығының AIMS (Alliance of Independent Recognized Members of Sport) ұйымына мүшелік үдерістерінде салмақ санаттарын оңтайландыру мәселесі бірнеше рет талқыланды. Талдау нәтижесінде салмақ санаттарын теңестіру ұсынылды.
2024 жылдың 13 апрель күні өткен Халықаралық күрес қауымдастығының Басқарушы кеңесі жиналысында осы мәселе егжей-тегжейлі қаралды және ерлер үшін -120 кг. салмақ дәрежесін қосу туралы қорытынды қаулы қабылданды.
Осы қаулыға сәйкес ересектер арасындағы күрес өткізілетін жарыстарда салмақ категориялары төмендегіше белгіленді: ерлер: -60 келі, -66 келі, -73 келі, -81 келі, -90 келі, -100 келі, -120 келі, +120 келі.
Жаңа салмақ категориясы 2025 жылы ұйымдастырылатын барлық ресми жарыстарда енгізіледі.