Мемлекет басшысы «Файз-М» кәсіпорнының жұмысымен танысты

    Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёев Әндіжан облысының «Булоқбоши» ауданында орналасқан «Файз-М» кәсіпорнының қызметімен танысты.

    Елімізде шикізатты қайта өңдеп, қосылған құны жоғары өнім өндіруге ерекше көңіл бөлініп келеді. Осы бағыттағы ірі жобалардың бірі саналатын бұл кәсіпорында мата тоқу, бояу және дайын трикотаж өнімдерін шығару жұмыстары жолға қойылған.

    Мұнда жылына 4 миллион 200 мың данаға дейін 50 түрлі өнім шығарылады. Кәсіпорында мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылған. Қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру да назарда тұр. Осы мақсатта арнайы дизайнерлік орталық құрылған.

    Түркия, Германия және Қытайдан әкелінген заманауи құрал-жабдықтар өндіріс тиімділігі мен өнім сапасын қамтамасыз етуде. Дайын киім-кешек өнімдерінің басым бөлігі экспортқа бағытталған. Кәсіпорынның жылдық экспорттық әлеуеті 6 миллион АҚШ долларына жеткен.

    Мемлекет басшысы өндіріс үдерісі және дайын өнімдермен танысты. Сапа көрсеткіштерін арттыру, қосылған құнды ұлғайту және экспорт географиясын кеңейту жөнінде нақты ұсыныстар мен тапсырмалар берді.

    No date selected
    May 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates