Орталық банктің негізгі ставкасы өзгеріссіз қалды

    Орталық банк басқаруы негізгі ставканы жылдық 14 пайыз деңгейінде өзгеріссіз қалдыру туралы қаулы қабылдады.

    Бұл туралы баспасөз хабарламасында айтылды.

    2025 жылдың сентябрь айында жалпы инфляция деңгейі 0,8 пайыздық тармаққа төмендеп, жылына 8 пайызды құрады. Бұл ретте, азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар тобында инфляция жылына 6,1 пайызға дейін төмендеп, төмендеуге ықпал етті. Қызметтер инфляциясы, оның ішінде реттелетін бағалардың әсерінсіз де, сұраныс факторлары есебіне жалпы инфляция жоғары деңгейде сақталып қалуда.

    Қатаң ақша-несие шарттары есебінен сұраныс факторларының біршама сәйкестенуі және алмасу курсы нағаюының әсерінен базалық инфляция төмендеу динамикасына өтті және сентябрьде жылдық 7 пайызға дейін бәсеңдейді. Атап айтқанда, сумның нығаюы импорттық инфляцияның баяулауына қызмет етеді және белгілі бір дәрежеде азық-түлік емес тауарлар бағасының тұрақтануына ықпал етті.

    Соңғы айларда тұтынушы себетінде бағалар өсуі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бәсеңдеген тауар мен қызметтердің үлесі асып баруда және бағалар тұрақтануы кең ауқымды ерекшелікке ие бола бастағанын көрсетуде.

    Сентябрь айында халық пен кәсіпкерлердің инфляциялық күтулерінің төмендеуі жалғасты, бірақ олар ағымдағы және болжанатын инфляция қарқындары жоғары деңгейде сақталып қалуда.

    Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, ағымдағы жылдың соңында инфляция болжамының төмендеуі қайта қаралды және шамамен 8 пайыз айналасында қалыптасатыны күтілуде.

    Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанындағы жоғары экономикалық өсу мен инвестициялық белсенділік келесі тоқсанда да жалғасады деп күтілуде, жыл соңында ЖІӨ нақты өсімі 7-7,5 пайыз шамасында болады деп болжануда.

    Тұрғындардың нақты табыстарының өсуі және бөлшек несиелік белсенділігі сатып алу қабілетін қолдап-қуаттайды және тұтынушылық сұранысты арттыруда. Бұл өз кезегінде, болашақта экономикадағы инфляциялық қысымның сақталуына қызмет етуі мүмкін.

    Сонымен қатар, энергия бағасын ырықтандыру алдағы айларда инфляцияға қайталама әсер ету және кейбір тауарларды жеткізуге байланысты тәуекелдердің туындау мүмкіндігі сақталады.

    Бұл жағдайда инфляцияның төмендеу динамикасының тұрақты жалғасуын қамтамасыз ету ақша-несие шарттарын қазіргі салыстырмалы түрде қатаң деңгейде сақтауды талап етеді.

    Салыстырмалы түрде қатаң ақша-несие шарттары экономикадағы жинақтардың тартымдылығын сақтайды, несие қарқынын сәйкестендіру және ақша базарында ресурстар бағаларын лайықты қалыптастыру арқылы жалпы талапты теңдестіруге қызмет етеді және инфляцияға монетар факторлардың әсерін азайтады.

    Жоғарыда аталған факторларды ескере отырып, Орталық банк басқаруы негізгі ставканы өзгеріссіз жылдық 14 пайыз деңгейінде қалдыру туралы қаулы қабылдады. Орталық банк тарапынан орта мерзімді болашақта инфляцияның 5 пайыздық таргетке дейін төмендету мақсатында ақша-несие шарттарын жеткілікті деңгейде қамтамасыз етеді.

    Негізгі ставканы қарау бойынша Орталық банк басқаруының келесі отырысы 2025 жылдың 11 декабрь күніне жоспарланған.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates