«McDonald's» немесе «Wac Donald's»?

    Пікір 23 Noyabr 2023 1407

    Кәсіпкерлерге біреудің тауар белгісін пайдаланбай, өзінің тауар белгісін жасауды ұсынамыз.

    АҚШ-тың McDonald's fastfud мейрамханалар желісін бәріміз жақсы білеміз. Біз тіпті оның қызметтерін пайдалануды жақсы көреміз. Шындығында, әңгіме бұл туралы емес.

    Әлеумекттік желілерде АҚШ-тың McDonald's фастфуд мейрамханалар желісінің тауар белгісіне ұқсас болған «Wac donald's» тауар белгісін пайдаланғандығы жөнінде фастфуд мейрамханалардың ашылғаны кеңінен талқылануға себеп болды. Бұл заңды ма?

    АҚШ-тың McDonald's корпорациясы «McDonaldʼs» тауар белгісіне Өзбекстан Республикасының аумағында қорғалуы үшін (MGU 9501492, MGU 9501495, MGU 20141287 және MGU 20141289-санды) куәліктер алған.

    Аталған жағдайларды зерделеу аясында белгіленген тәртіпте «WAC DONALDS» ЖШҚ-да интеллектуалдық меншік құқықтарының сақталуына қатысты тергеу жүргізілді.

    Тергеу нәтижелеріне орай, «WAC DONALDS» жауапкершілігі шектеулі қоғам тарапынан АҚШ-тың McDonald's корпорациясына тиесілі болған «McDonald's» тауар белгісіне ұқсас «Wac Donald's» тауар белгісін фаст-фуд мейрамханалардың сөрелерінде, интерьер дизайнында, фастфуд тағамдарын қораптауда және әлеуметтік желілерде пайдаланғаны белгілі болды.

    Тексеру қорытындысы бойынша акт ресімделіп, осы қоғамда заң құжаттарының бұзылуы, олардың себептері мен оған әкелетін жағдайларды жою туралы хаттама кірітілді.

    Нәтижесінде «McDonald's» тауар белгісіне ұқсас болған «Wac donald's» тауар белгісін мейрамхана қызметінде пайдалану тоқтатылды.

    Біздің ойымызша, бұл кәсіпкерлік субъекті өкілдері елімізде әлемдік стандарттарына сай түрде интеллектуалды меншік құқықтары толық қорғалатынынан бейхабар еді. Оларға құқықтық түсінік беріліп, алдын алу шаралары жүргізілді. Заңды құқықтар, кәсіпкерлік пен бренд ашуда ненің мүмкін, ненің мүмкін еместігі түсіндірілді.

    Пікіріміз соңында мақаланың басындағы пікірімізге қайта ораламыз.

    Біз кәсіпкерлерге біреудің брендін пайдаланбай, өз брендін жасауды ұсынамыз. Өйткені, заңды толық білу – кең мүмкіндіктер.

    Ферғана облысының Әділет департаменті.