Кеңес жиналысында Достастық елдеріндегі сайлау үдерістерінің мониторингіне көп көңіл бөлінді. Атап айтқанда, Ресей мен Әзербайжандағы президенттік сайлаулары және Беларусьтегі паламент сайлауының мониторингіндегі Парламентаралық Ассамблеяның халықаралық байқаушылардың қызметі қаралды.
Жиналыс қатысушылары ТМД ПА-ның саяси мәселелер және халықаралық ынтымақтастық, сондай-ақ қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялардың қызметі туралы ақпаратты тыңдады.
Парламент мүшелері ұлттық делегациялардың барлық ой-пікірлерін ескере отырып, ТМД Парламенттік Ассамблеясындағы бақылаушы мәртебесі туралы жарғы жобасын да мақұлдады. Сондай-ақ басқа да бірқатар құжаттар бекітілді.
Өзбекстан делегациясының басшысы ТМД ПА халықаралық байқаушыларын ағымдағы жылдың октябрь айында Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің Заң шығару палатасына және жергілікті Кеңестеріне өтетін сайлауды бақылауға қатысуға шақырды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.