Осыған орай, медиаторлар статистикалық ақпаратты әр тоқсан сайын есеп беру кезеңінен кейінгі айдың 5-іне дейін аумақтық әділет органдарына ұсынады.
Бұл ретте, егер статистикалық деректерді ұсыну мерзімінің соңғы күні демалыс күніне, жұмыс істемейтін мереке күніне немесе басқа жұмыс емес күнге сәйкес келсе, ұсыну мерзімі келесі жұмыс күніне ұзартылады.
Статистикалық деректерде қателер мен кемшіліктер анықталған кезде медиаторларға сол күні-ақ қателер мен кемшіліктерді жоюы туралы хабарланады.
Облыстық әділет органдары статистикалық мәліметтерді жинақтайды және есеп беру кезеңнен кейінгі айдың 10-нан кешіктірмей Әділет министрлігіне ұсынады.
Әділет министрлігі ұсынған статистикалық ақпаратты жинақтайды және есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей Министрліктің ресми интернет-ресурсында орналастырады.