Мемлекеттік қызметшілердің жыл сайынғы ең аз еңбек демалысы 27 күнге дейін ұзартылуы мүмкін

    Бұл туралы жаңа редакциядағы Еңбек кодексінің жобасында белгілеп қойылды. Олий Мажлистің заң шығару палатасы үш оқылымда қабылданып, қазір Сенатқа жолданып жатқан кодекс мәтінінде жылдық еңбек демалысына қатысты бірқатар жаңалықтар бар.

    Атап айтқанда, жаңа кодексте қызметкерлерге жылдық негізгі еңбек демалысының ең аз мерзімі ретінде күнтізбелік 21 күн белгіленген. Қолданыстағы кодексте бұл мерзім кемінде 15 жұмыс күнін құрайды.

    Жаңа кодексте мемлекеттік қызметкерлеріне белгіленген жылдық негізгі ұзартылған еңбек демалысының нақты мерзімі де белгіленбек. Яғни, билік және басқару органдарының қызметкерлеріне ұзақтығы 27 күнтізбелік күн болатын әр жылғы негізгі ұзартылған еңбек демалысы берілуі мүмкін.

    Қолданыстағы тәртіп бойынша мемлекеттік қызметшілерге де 15 күндік демалыс беріліп келген және бұл мерзім ұжымдық келісімшартқа қарай берілетін қосымша демалыс есебінен ұзартылуы мүмкін еді. Кодекс осы көріністе қабылданса, мемлекеттік қызметкерлерге кемінде 27 күндік еңбек демалысы кепілденеді.

    Жобаға орай, мемлекеттік қызметкерлердің кейбір санаттары үшін заңдарда белгіленген жылдық еңбек демалысының 27 күннен асатын мезімдері өз күшінде қалдырылады және 27 күндік мерзім осы ұзартылған демалыстарға қолданылмайды.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates