Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлімдеді.
Айтуынша, республикамыз аумақтарына суық және ылғалды ауа массаларының кіруі нәтижесінде табиғи газға деген сұраныс артты. Осыған байланысты магистральдық газ құбырларындағы қысымның төмендеуі байқалуда.
Мұндай жағдайларда бірінші кезекте халықтың тұрғын үйлерін, сондай-ақ әлеуметтік сала нысандарын табиғи газбен үздіксіз қамтамасыз ету басты міндет болып есептеледі.
Осыған байланысты бүгін, 4 наурыз күні сағат 19:00-ден 5 наурыз күні сағат 10:00-ге дейін республикамыздағы «метан құю бекеттерінің» қызметіне уақытша шектеу енгізіледі.
Аталған шаралар халық пен әлеуметтік сала нысандарын тұрақты газбен қамтамасыз етуге бағытталған.
Сонымен қатар, әлеуметтік сала нысандарына қызмет көрсететін және қоғамдық көлік құралдары үшін газбен қамтамасыз ету шектеусіз, тұрақты түрде жүзеге асырылады.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұралды.