«Метан құю бекеттерінің» қызметіне уақытша шектеулер қойылады

    Жергілікті әкімдіктермен келісілген жоспарлар мен кестелерге сәйкес «метан құю бекеттерінің» қызметіне уақытша шектеулер енгізілуде. Бұл туралы Энергетика министрлігі маңызды ақпаратты жариялады.

    Көрші мемлекеттегі газ желісінде байқалған техникалық ақаудың салдарынан импортталатын табиғи газдың азайғаны атап өтілді.

    Осы себепті министрлік қажетті шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді.

    «Бірінші кезекте,тұрғын үйлер мен әлеуметтік сала нысандарын (мектептер, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, ауруханалар, жоғары оқу орындары, жылу электр станциялары және т.б.) көгілдір отынмен тұрақты қамтамасыз ету – біздің басты міндеттеріміздің бірі.

    Сондықтан тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарда көгілдір отын қысымының төмендеуінің алдын алу мақсатында жергілікті әкімдіктермен келісілген кестелер негізінде «метан құю бекеттерінің» қызметіне уақытша шектеулер енгізілуде.

    «Бұл қажетті шаралар уақытша екенін және газ қысымын қалыпты жағдайға келтіру бойынша практикалық жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз», - делінген хабарда. Жағдай туралы қосымша ақпарат беріледі.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates