Мигранттар Ресейден ақша жөнетілімдерін несиеге жіберуі мүмкін

    Нақты 6 Oktabr 2021 3059

    «Золотая корона» («Алтын тәж») төлеу қызметі жүйесі 11 октябрьден еңбек мигранттары үшін Ресейден қарызға ақша жіберу мүмкіндігін береді. Бұл туралы осы компания директорлар кеңесінің төрағасы Николай Смирнов айтты.

    Алғашқы басқышта мигранттар 5 мыңнан 15 мыңға дейін рубльде ақша алуы мүмкін. 21 күн барысында пайыздар саналмайды. Көрсетілген мерзім аяқталған соң, әрбір күніне 1 пайыз үстеме саналады. Аталмыш қызмет алғаш «мегафонның» барлық салондарында жүзеге асырылады. Кейіншелік «Золотая корона» аталмыш қызметті барлық тармақтарына енгізбекші. Қаржымен қамтамасыз ету «Страна экспресс» шағын несие компаниясы міндетіне алған.

    «Золотая корона» жаңа қызметте комиссия есебінен табыс алады. Базалық ставка төленген суммадан 1 пайыз есептеледі. Бірақ 1 000 рубльден, немесе 20 доллардан, немесе 15 евродан асып кетпеуі қажет.

    Ескертеміз, июнь айында ақша жөнелту жүйесі ТМД мемлекеттеріне 720 миллион доллар жіберген. Бұл үш жыл ішіндегі ең жақсы көрсеткіш. Ақша жөнелту жүйесінің негізгі клиенттері болған еңбек мигранттарының саны 2020—2021 жылдарда азаюына қарамай, олардың табысы айтарлықтай өскен. Дәл осы жағдай отанына жіберілген ақша көлемінің өсуін қамтыған.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates