Мемлекет басшысы Қашқадарияның туризм әлеуетімен танысты

    Президент Шавкат Мирзиёев Шаҳрисабз ауданының «Хисар» тауы баурайындағы туризм әлеуетімен танысты.

    Туризм аз қаржымен көп жұмыс орнын ашуға, халықтың табысын және өңір келбетін жақсартуға мүмкіндік беретін сала. Қашқадария өңірінде бұл бағытта мол мүмкіндік бар.

    2023 жылғы 28 қарашадағы Президент қаулысына сәйкес, Қашқадария облысының таулы-рекреациялық аймақтарында заманауи қызмет көрсету және туризм кешендері салынуда. Атап айтқанда, шетелдік мамандар мен жетекші компаниялардың қатысуында «Мираки», «Әмір Темір», «Улоч» және «Полмон» махаллаларында туристерге қолайлы жағдайлар жасалып отыр. Жалпы көлемі 240 гектар жерді қамтитын 117 жобаға 400 миллион доллар көлемінде инвестиция тартылып, нәтижесінде 1 700 тұрақты жұмыс орны ашылады.

    Бүгін Миракидегі өзгерістер осы қаулы мен туризмге арналған кеңестердің жемісі саналады.

    Бұған дейін бұл көркем аумақтардан әркім өз білгенінше пайдаланып келген. Сай маңдары ретсіз, демалыс аймақтарында инфрақұрылым жеткіліксіз болатын. Бүгінде бұл жер толыққанды туризм кластеріне – «Мираки» халықаралық туризм орталығына айналды.

    Мемлекет басшысы мұндағы абаттандыру және қолайлы жағдайлармен танысты. Ақсув өзенінің қос жағалауын бойлай жаяу және велосипедпен серуендеуге арналған 10 шақырымдық «эко жолақ» ұйымдастырылған. Балалар алаңы, ойын-сауық бағы, қариялар демалатын орын, отбасылық қонақ үйлер мен көшпелі сауда нүктелері махалланың ажарын арттырған.

    «Miraki and Spa Resort» демалыс аймағы туризм орталығының заманауи бөлігі саналады. Мұнда екі қонақүй, сауда және ойын-сауық кешені салынған. Сонымен қатар, бір мезетте 600 турист қабылдай алатын қонақүйлер мен 300 орындық отбасылық хостел іске қосылған. Бұл жылына 300 мыңнан астам қонаққа қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

    Президент жаңа қонақүй мен сауда кешенінің жұмысымен танысып, туризм бағытындағы келешек жобалар жайында ақпарат алды.

    – Шахрисабздің басты артықшылығы – мұнда жыл он екі ай саяхаттауға болады. Біз жол, инфрақұрылым, қонақүйлер салып жатырмыз. Енді қызмет түрлерін көбейту керек. Мәселен, Миракиге келген қонақ уақытын қалай өткізеді, не сатып алады? Осы сұранысқа қарай қызмет ұсыну, бұл жердің табиғаты мен мүмкіндігін шетелде кеңінен насихаттау қажет, – деді Шавкат Мирзиёев.

    Жаңа туризм орталығына инвесторларды тарту мақсатында инженерлік-коммуникациялық желілер жүргізілген. Миракиге баратын және ішкі жолдар толық жөнделген. Электрмен қамту жақсартылған. Туристердің қызығушылығын арттыру үшін Хисарак су қоймасына жақын аумақта екі шақырымнан астам аспалы жол және теңіз деңгейінен 2 700 метр биіктікте мейрамхана салынған.

    Мұндай кең ауқымды мүмкіндіктер Қашқадарияға келуші туристер санын арттырып отыр. Өткен жылы облысқа 2,5 миллионнан астам саяхатшы келген болса, олардың 500 мыңға жуығы Шахрисабз ауданына келген. Бұл өзгерістерден кейін бұл көрсеткіш бірнеше есеге артады деп күтілуде.

    No date selected
    July 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates