Әлемде кең тараған дерттің бірі — С гепатитіне қарсы «Даклатасвир» препаратының үшінші партиясы Шарм аш-Шайхтан Ташкентке тегін әкелінді.
Бұл акцияны Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі, еліміздің Каирдегі елшілігі мен «Uzbekistan Airways» авиакомпаниясы ұйымдастырды, бұл жүктің елімізге әкелінуі Өзбекстан мен Мысыр арасында денсаулықты сақтау саласында ынтымақтастықты одан әрі жетілдіру, вирусологияда өзара қолдап-қуаттауды ұйымдастыру аясында бұрын қол жеткізілген келісімдердің іс жүзіндік нәтижесі.
Жалпы құны 34 930 АҚШ долларын құрайтын 17 мыңнан астам «Даклатасвир» дәрі-дәрмегі Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Вирусология ғылыми-зерттеу институты тарапынан дәрі-дәрмекке мұқтаж науқастарға бөлінеді.
Айта кетейік, Мысыр Денсаулық сақтау министрлігімен 2023-2024 жылдар аралығында жалпы құны 4,8 миллион долларлық жалпы 800 мың дана (шамамен 40 тоннаға жуық) С гепатитіне қарсы «Даклатасвир» және «Софосбувир» дәрілерін елімізге тегін жеткізу туралы келісімдер жасалған, деп хабарлайды “Дунё” АА тілшісі.