«Монтаж» фильмі Қазақстанда жүлделі орынға ие болды

    «Монтаж» қысқаметражды көркем фильмі Қазақстанда өткен студенттер мен дебютанттардың халықаралық «Бастау» кинофестивалінде «Netpac» жүлдесін жеңіп алды.

    Сондай-ақ бұл фильм Гонконг университеттері арасындағы «Global University Film Awards 2022» фестивалінде, Австрия астанасы Венада өткен «Venna International Film Awards» кинофестивалінде, «Moscow Premiere» халықаралық кинофестивалінде және Мароккода өткен VII “Tetauon” халықаралық киномектеп кинофестиваліне қатысып, түрлі бағыттар бойынша марапатталды.

    Кинокартина туралы қысқаша мәлімет: Фильм отбасының киелілігі туралы. Кім оны бағаламаса, ол ақырында жеңіледі. Фильмде бір-бірін түсіне алмай, қазір бөлек тұрып жатқан отбасы мүшелерінің өмірі де баяндалады. Барлық отбасы мүшелері мінсіз емес.

    Тағдыр дөңгелегі оларды жан-жаққа шашыратып жіберсе де, олар отбасының қосылуын күтеді және қалайды. Фильмде фотограф Исламның бұзылған отбасын қалпына келтіру әрекеті көрсетілген. Ислам нағыз өнер туындысын өмірден – ғимараттардан, табиғаттан, түрлі заттардан іздейді. Бірақ таба алмай, туыстарының әрқайсысына барып, суретке түсіреді. Осыдан кейін ол дүниедегі ең сұлу өнер – отбасы екенін түсінеді.

    Фильмнің сценарий авторы – Хуснулло Жомонкулов, постановкашы режиссері Дилшодбек Усманов, постановкашы операторы – Камолиддин Зиёвуддинов, постановкашы суретшісі Рустам Шоянов, картина директоры Ильхом Абсаломов, көркемдік жетекшісі Туйчи Ахмедов.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates