Халқымызға тән мейірім-шапағат, адамгершілік, шүкіршілік, жомарттық және бауырмалдылық сияқты ізгі қасиеттерді бойына сіңірген қасиетті Құрбан айт мерекесін лайықты атап өту, сондай-ақ осы құтты мейрамда халықты мемлекет тарапынан қосымша қолдап-қуаттау мақсатында қаулы етемін:

I.Мемлекет тарапынан қолдап-қуаттау шаралары

1.Өзбекстан мұсылмандары кеңсесі, Өзбекстан Республикасы Президенті қасындағы Әлеуметтік қорғау ұлттық агенттігі (кейінгі орындарда – Агенттік), Денсаулық сақтау министрлігі, Экономика және қаржы министрлігі, Өзбекстан махаллалары ұйымы және «Вақф» қайырымдылық қоғамдық қорыдың Құрбан айт мерекесіне байланысты халықты әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қолдап-қуаттауға бағытталған төмендегі ұсыныстарға разылық берілсін:

(а) төмендегі санаттағы науқастардың медициналық тексеруден өтуін, хирургиялық оталары және емделу шығындарын өтеу:

(і) ауыр және мүгедектікке алып келетін ауруларға шалдыққан 10 мың баланың хирургиялық отасын өткізу;

(іі) онкологиялық, гематологиялық және онкогематологиялық диагноз қойылған 2,3 мың науқасты медициналық тексеруден өткізу, емдеу және хирургиялық отасын жасау;

(ііі) кемінде 350 науқасқа бауыр мен бүйрек трансплантациясы отасын жасау.

(б) әлеуметтік қорғауға мұқтаж төмендегі балалардың жинақ шоттарына 200 АҚШ доллары көлемінде  мөлшерінде ақшалай сыйақы аудару:

(і) жетім балалар және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар (қамқоршылықтағы, демеушілік және патронаттағы балалар);

(іі) Мейірбандық үйлері, отбасылық балалар үйлері, шағын көлемді балалар үйлері және “SOS” балалар махалласының тәрбиеленушілері;

(ііі) Отан шекарасын қорғау жолында қаза тапқан ата-аналардың балалары;

(iv) “Taskin Children’s Hospice” балалар онкологиялық ауруханасында ем алып жатқан балалар;

(в) 500 мешітте халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында заманауи дәретханалар салу, қайта жаңарту немесе жөндеу, сондай-ақ жергілікті жерлердегі зираттарды абаттандыру.

2. Белгіленсін, осы қаулының 1-пункіті “а” пункітінде көзделген науқастарды медициналық тексеруден өткізу, хирургиялық және емдеу шаралары Денсаулық сақтау министрлігі белгілейтін медициналық ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Мұнда:

(а) науқастарды медициналық тексеруден өткізу, хирургиялық және емдеу шараларын өткізуге  байланысты шаралар аясында донорлардың шығындарын өтеу көзделеді;

(б) медициналық ұйымдар тарапынан емдеу шаралары бекітілген стандарттар мен клиникалық хаттамалар негізінде жүргізілуін бақылауды Мемлекеттік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.

3. Осы қаулыда көзделген шаралар мемлекеттік мақсатты қорлары мен заңнамада тыйым салынбаған басқа да көздерден бөлінетін 690 млрд сум көлеміндегі қаражат есебінен «Вақф» қайырымдылық қоғамдық қоры арқылы қаржыландырылатыны белгіленсін.

4. Өзбекстан мұсылмандары кеңсесі, Қарақалпақстан Республикасы Министрлер Кеңесі, облыстар мен Ташкент қаласы әкімдіктері және кең жұртшылық өкілдерінің мынадай ұсыныстары мақұлдансын:

(а) қасиетті зиярат орындарын, кесенелерді, мешіттер мен зираттарды абаттандыру және осы мақсатта ерікті қайырымдылық асарларын өткізу;

(б) әлеуметтік қорғауға мұқтаж халық санаттары үшін қайырымдылық дастархандарын ұйымдастыру, сондай-ақ зиярат орындары мен діни білім беру ұйымдарында құрбандық шараларын өткізу.

II. Қаулының орындалуын ұйымдастыру, қамтамасыз ету және бақылау

Қасиетті зиярат орындарын абаттандыру және мейірім-шапағат шараларын ұйымдастыру әрі үйлестіру мақсатында Қарақалпақстан Республикасы Министрлер Кеңесі төрағасы, облыстар мен Ташкент қаласы әкімдерінің төрағалығымен өңірлік кеңестер (бұдан әрі – өңірлік кеңестер) құрылсын және олардың үлгілік құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

 5. Қасиетті зиярат орындарын абаттандыру және мейірім-шапағат шараларын ұйымдастыру әрі үйлестіру мақсатында Қарақалпақстан Республикасы Министрлер Кеңесі Төрағасы, облыстар мен Ташкент қаласы әкімдерінің төрағалығымен аумақтық кеңестер (кейінгі орындарда – аумақтық кеңестер) құрылсын және олардың үлгілік құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

6. Төмендегілер аумақтық кеңестердің негізгі міндеттері етіп белгіленсін:

(а) халықты қолдап-қуаттауға бағытталған мейірім-шапағат және қайырымдылық шараларының мекенді түрде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ осы бағытта министрліктер мен кеңселердің аумақтық бөлімшелері және аудан (қала) әкімдерінің қызметін үйлестіру;

(б) еліміздегі қасиетті зиярат орындарын, мешіттер мен зираттарды абаттандыру және халық арасында ата-баба рухына құрмет көрсету сезімін қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру;

(в) осы қаулыда көзделген іс-шаралар аясында туындаған мәселелерді жедел шешу.

7. Сондай тәртіп орнатылсын, «Вақф» қайырымдылық қоғамдық қоры арқылы медициналық тексеру, хирургиялық және емдеу шаралары шығындарын өтеу төмендегі тәртіппен қаржыландырылатыны белгіленсін:

(а) медициналық тексеру, хирургиялық және емдеу шараларын жүргізетін ауруханалар тізімін Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан белгіленеді;

(б) науқастарды тиісті медициналық ұйымдарға жолдау және емдеу Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан “Мемлекеттік ақпарат жүйелерін жарату және қолдап-қуаттау бойынша бірыңғай интегратор — “UZINFOCOM” ЖШҚ мен  бірлесіп, олар туралы мәліметтерді ақпараттық модульге енгізу арқылы жүзеге асырылады;

(в) медициналық тексеру, хирургиялық және емдеу шаралары көрсетілген науқастарға қызмет шығындарын өтеу Мемлекеттік медициналық сақтандыру қоры ұсынған анықтама негізінде, анықтама берілген уақыттан бастап бес жұмыс күні ішінде «Вақф» қайырымдылық қоғамдық қоры тарапынан жүзеге асырылады.

8. Өзбекстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 17 ақпандағы «Қасиетті Рамазан айы көмекке мұқтаж халықты мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдап-қуаттау іс-шаралары туралы» ПҚ–67-санды қаулысы аясында «Вақф» қайырымдылық қоғамдық қорына Өзбекстан Республикасының денсаулық сақтау министрі бекіткен аурулар мен медициналық ұйымдар тізіміне сәйкес емделу немесе хирургиялық операция өткізуге байланысты шығындарды өтеу құқығы берілсін.

9. Дін істері жөніндегі комитет Өзбекстан мұсылмандары кеңсесі және Агенттікпен бірлесіп, осы қаулыда көзделген Құрбан айтты лайықты атап өтуге байланысты қайырымдылық және ізгілік шаралардың мән-маңызын кең жұртшылыққа жеткізу бойынша іс-шараларды жүзеге асырсын.

10. Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігі Өзбекстан Ұлттық телерадиокомпаниясымен бірлесіп, осы қаулының мазмұны мен мәнінің бұқаралық ақпарат құралдарында, интернетте және әлеуметтік желілерде кеңінен жариялануын ұйымдастырсын.

11. Осы қаулының орындалуын тиімді ұйымдастыруға жауапты және жеке жауапкер ретінде Премьер-министрдің орынбасары Ж.А. Қўчқоров, Өзбекстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Әлеуметтік қорғау ұлттық агенттігінің директоры М.П. Оллояров, Өзбекстан Республикасы Президенті Администрациясының Діни-ағартушылық мәселелер жөніндегі департаментінің басшысы М.М. Камилов және денсаулық сақтау министрі Э.Э. Адилов белгіленсін.

Қаулының орындалуын бақылау Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі А.Н. Ариповке жүктелсін.

Өзбекстан Республикасының Президенті

Шавкат Мирзияев