Оған сәйкес, 31 август сенбі — күні аптасына 6 күн жұмыс істейтіндер үшін қосымша демалыс күні, ал 5 күн жұмыс істейтіндер үшін тұрақты демалыс күні болады.
1 сентябрь – Өзбекстанның тәуелсіздік күні 2024 жылда жексенбі – демалыс күніне сәйкес келуіне байланысты бұл демалыс күні 2 сентябрь, дүйсенбі күнге көшіріледі.
3 сентябрь, сейсенбі, жұмыс аптасының түріне қарамастан барлық қызметкерлер үшін қосымша демалыс күні болып белгіленген.
4 сентябрь сәрсенбі баршаға әдеттегі жұмыс күні.
Жалпы Тәуелсіздік мерекесіне орай өзбекстандықтар қатарынан 4 күн демалады.