Тәуелсіздік мерейтойы Ферғанада кеңінен тойланды

    Ел назарында 30 Avgust 2021 3248

    Ферғана қаласындағы өнер сарайында еліміз бойлап “Жаңа Өзбекстанда еркін де әл-ауқатты жаcайық!” ұранымен кең тойланып жатқан Өзбекстан Республикасы Мемлекет Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған облыстық мерекелік шара өтті.

    Мерекені Ферғана облысының әкімі Хайрулло Бозоров кіріспесөзбен ашты. Облыс әкімі, сөзінде “Отызыншы рет қарсы алып жатқан мерекеміз, Құрметті Президентіміздің басшылығында Жаңа Өзбекстанды құруға қаратылған нық қадамдардың, еркін де әл-ауқатты өмірге қарай ұмтылуымыздың салтанатыда деп, қоғамда болып жатқан үлкен өзгерістер туралы қысқа айтып өтті.

    Хайрулло Бозоров өз сөзінде Құрметті Президентіміздің үстіміздегі жылы 4-5 февраль күндері Ферғана облысына келген сапарларында “Ферғана облысының тұрғындарын үлкен ниет жолынан, үлкен жетістіктер жолынан қайтаруға болмайды енді” деп облысқа берген жоғары бағасы, облыстың үстіміздегі жылы мақсат пен міндеттерді нақты белгілейтін фактор болғанын айтып өтті. Президентіміздің “Тұрғындардың тұрмыс дәрежесі мен сапасын жоғарылатпай тұрып дамытуға қол жеткізуге болмайды” деген қағидалары негізінде басталған “Абат ауыл” және “Абат махалла” бағдарламалары аясында жүргізіліп жатқан кең көлемді жасампаздық және абаттандыру істері, облыста үлкен өндіріс кәсіпорындарды пайдалануға тапсырылып жатқаны, тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылған үлкен құрылыс істері ерекше мақтанышпен тілге алынды, деп хабарлады Ферғана облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Мереке салтанатта облыс және республикалық өнер шеберлерінің үлкен гала-концерті мен театрландырылған тамашаға жалғасты.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates