Мемлекет басшыларының қатысуымен бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылып, алмасу рәсімі өтті. Атап айтқанда:
- 2025–2029 жылдары Одақтастық қатынастар туралы шартты іске асыру жөніндегі «жол картасы»;
- Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім;
- Ғылым, өнеркәсіп және жоғары білім салаларындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім;
- 2025–2026 жылдарға арналған өндіріс кооперация бағдарламасы;
- 2030 жылға дейінгі тауар айналымын 1 миллиард долларға дейін жеткізу бағдарламасы;
- 2025–2027 жылдары ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша іс-қимыл жоспары;
- 2025–2027 жылдарға арналған әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық шараларының жоспары;
- Кемежасау және кеме қатынасы саласындағы ынтымақтастық туралы бірлескен хаттама;
- Ташкент облысы мен Сумгаит қаласы, Науаи және Габала қалалары арасындағы бауырластық байланыс орнату туралы келісімдер.









