Нәпақа алу үшін онлайн өтініш беруге болады

    2023 жылғы 10 ноябрінде Министрлер Кабинетінің 596-санды “Әлеуметтік қорғаудың бірыңғай реестрінің” ақпараттық жүйесі арқылы аз қамтылған отбасыларды анықтауға және оларға әлеуметтік төлемдерді тағайындауға электрондық түрде өтінішті енгізу іс-шаралары туралы» қаулысы қабылданды.

    2022-2026 жылдарға арналған Жаңа Өзбекстанның даму стратегиясын «Адамға назар мен сапалы білімберу жылында» жүзеге асыруға қатысты мемлекеттік бағдарламаға сәйкес 2024 жылдың 1 апрелінен бастап табысы аз отбасыларға балалар нәпақасы мен материалдық көмек тағайындау үшін онлайн өтініш беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету жолға қойылады.

    Табысы аз жанұяларды «Әлеуметтік қорғаудың бірыңғай реестрінің» ақпараттық жүйесі арқылы анықтау, оларға аз қамтылған отбасы балаларына нәпақа мен материалдық көмек беруді тағайындау және төлеу тәртібі туралы ережеге тиісті өзгерістер мен қосымшалар енгізіледі. (21.10.2021 ж. 654-санды МКҚмен бекітілген ).

    Президент жанындағы Әлеуметтiк қорғау ұлттық агенттiгiне Цифрлық технологиялар министрлiгiмен бiрлесе отырып, 2024 жылдың 1 апреліне дейін аз қамтылған отбасыларды анықтау және оларға әлеуметтiк нәпақа тағайындау, сондай-ақ анықтама беру бойынша электронды түрде мемлекеттiк қызметтi көрсетуді БИМҚП арқылы енгізу тапсырылды.

    1 апрельден бастап отбасының табыстары аз қамтамасыз етілгендігі өлшеміне сәйкестігін анықтау минималды тұтыну қаражаттарының жаңа мөлшері Статистика агенттігінің мәліметтеріне негізінен балалар нәпақасы мен материалдық көмек тағайындауға берілген өтініштерге қолданылады.

    Аз қамтылған отбасыларды анықтау өлшемдеріне енгізілген өзгерістер 2023 жылдың 15 ноябрьден соң берілген өтініштерге қарай енгізіледі.

    Құжат Заң құжаттары ақпараттары ұлттық базасында жарияланды және 2023 жылғы 16 ноябрінде күшіне енді, деп хабарлайды "Norma".

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates