Наманганда экополиция жұмыс бастады

    Ел назарында 6 Sentabr 2021 3088

    Үстіміздегі жылы 5 сентябрьде Наманган облыстық Экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы мен Наманган облысы ІІБ қызметкерлері ынтымақтастықта Наманган қаласында экологиялық бақылау рейд шараларын өткізуді бастады.

    Ескертеміз, осы жылдың 24 авгусы күні Өзбекстан Республикасы Президенті тарапынан өткізілген бейнеселектор жиналысында Ішкі істер жүйесінде Экология полициясы құрылатыны белгіленген еді. Экополицияның негізгі міндеті ретінде аумақтық экология органдарымен ынтымақтастықта экологиялық заңбұзушылыққа қарсы күрес, рейд шараларын өткізу көзделген, деп хабарлайды Экология және қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі Наманган облыстық Экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасының мәліметіне сүйеніп.

    Экология полициясына экология саласындағы заңбұзушылықтар, сондай-ақ ағаштарды рұқсатсыз кесу, браконьерлік, заңсыз қоқыстар тастау сияқты жағдайларға қарсы профлактикалық шараларды жүзеге асыру міндеті жүктелген.