Наманганда «Үш ұрпақ» кездесуі

    Әскери шекара 5 Aprel 2022 2935

    Наманган облысының Қорғаныс істері басқармасы жанындағы мерзімді Әскери қызметшілерді әскери-техникалық мамандықтар бойынша оқыту орталығында облыс әкімдігімен бірлесіп «Үш ұрпақ» кездесуі ұйымдастырылды.

    Кездесуде ұзақ жылдар қорғаныс жүйесінде еңбек еткен ардагерлер, орта буын өкілдері мен әскери қызметті өтеуде тәжірибесі бар ержүрек, дарынды жастар Отан игілігі үшін жүргізіліп жатқан реформалар жөнінде пікір алысты.

    Айта кету керек, орта және жас буын өкілдерімен кездесулерде әдетте шынайылық пен ақыл-кеңес басым болады. Сонымен бірге қорытындылар жасалады, бай тәжірибе жинақталады.

    Ұстаз-шәкірт дәстүрлерін ұштастыра отырып, қарттардың мол тәжірибесін өскелең ұрпаққа жеткізуді мақсат еткен кездесу осындай рухта өтті.

    Дөңгелек үстел сұхбатынан кейін орталық аумағына «Жақсыдан бақ қалады» деген ұранмен жаңа сәндік көшеттер отырғызылды.

    Сондай-ақ, Еске алу және құрмет алаңындағы «Қасіретті ана» мүсініне гүл шоқтары қойылып, құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.