Өзбекстан Республикасы Президентінің «Науаи атындағы мемлекеттік университетін құру іс-шаралары туралы» қаулысы (ПҚ-378-санды, 31.10.2024 ж.) қабылданды.
Қаулыға орай, Науаи мемлекеттік педагогикалық институтының негізінде Науаи мемлекеттік университеті құрылады.
Аумақта сала мен тармақтардың даму болашақтарын ескере отырып, заманалық білім және біліктілікке ие болған ғылыми , ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындау, қайта даярлау және олардың білімін жетілдіру бойынша үздіксіз білім жүйесін жарату Университеттің негізгі міндеттері мен қызметі бағыттарының бірі етіп белгіленді.
Науаи атындағы мемлекеттік педагогикалық институтында оқитын барлық студенттер оқуларын Университетте жалғастырады және 2024/2025 оқу жылын бітірген студенттерге Университет дипломы беріледі.
Университетте 2025/2026 оқу жылынан бастап жоғары сұранысқа ие болған төмендегі бағыттар бойынша кадрлар даярлауды бастайды:
анық және табиғи пәндер;
ақпарат технологиялары;
жасанды интеллект;
экономика;
іскерлік және туризм;
инвестицияларды басқару;
ауыл шаруашылығы;
экология және қоршаған ортаны қорғау;
логистика.
Жаңадан құрылған білім беру бағыттары мен мамандықтары бойынша шет мемлекеттердің және республиканың жетекші жоғары оқу орындарымен екі диплом беруге негізделген бірлескен білім беру бағдарламалары жолға қойылады.